Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур
3D моделі

Мәмен Мұратұлы

Батыс Қазақстан облысы, Жаңақала ауданы орталығынан шамамен 40 шақырым қашықтықта орналасқан қасиетті орын. Мәмен Мұратұлы (1868-1931 ж.ж.) Жаңақала ауданы, Пятимар ауылында дүниеге келген. Күйші – композитор, Құрманғазының шәкірті. Оның «Адай», «Байжұма», «Төремұрат», «Терісқақпай», т.б. күйлерін ел арасына таратқан. Ұстазының күйшілік дәстүрін толық меңгерген Мәмен өз жанынан «Ақ шолпан», «Қайғылы қара», «Қаражан ханым», «Кербез Ақжелең», т.б. күйлер шығарған. Кесене 11 қазан 2012 жылы ашылған.