Жымпиты
Жымпиты – Күнбатыс Алашорда астанасы
Алашорда үкіметінің батыс қанаты – Күнбатыс Алашордасының орталығы болған Жымпиты селосында Алаш тарихымен байланысты бірнеше ғимарат сақталған. Оның бірі – Күнбатыс Алашорданың кеңсесі, екіншісі – ХІХ ғасырға тиесілі мұсылмандар мешіті. Алаш жұрты азаттыққа қол созған 1917-1918 жылдары Алашорданың батыс қанаты ең ұзақ: 19 ай – 578 күн бойы өмір сүрген. Бүгінде Жымпиты ауылында Алаш аллеясы, Алашорда музейі жұмыс істейді.
1918-1919 жылдары Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтар басқарған Күнбатыс Алаш Орда үкіметі орналасқан тарихи ғимарат. Күні бүгін бұл ғимаратта С.Датұлы атындағы тарихи-өлкетану музейінің «Алаш» залы орналасқан, бұл зал Алашорданың 95 жылдығына орай ашылған. Көне тарихи ғимарат өткен ғасырдың орта шеніндегі көпес «Таракановтың үйі».«Таракановтың үйі» деп аталатын бұл екі қабатты ағаш үй 1867 жылдары салынған.