Еділбай соры
Еділбай соры
Батыс Қазақстан облысы бойынша киелі мекен атанған Еділбай соры Қазталов ауданының Жаңажол ауылдық округінің аумағында орналасқан. Еділбай соры - осы өңірді жайлаған кіші жүздің Атабай ұлынан, Байбақты тайпасынан тараған Еділбай руына байланысты қойылған атау. Аумағы 553 га алып жатқан сордың минералды - сулы қабаты бар. Балшығы мен суы емдік қасиетке ие еділбай сорын буын ауруларын емдеуге пайдаланады. Еділбай соры балшығының құрамын балшықпен емдейтін КСРО аумағындағы ең шипалы өңірлерінің бірі Кисловодск курортына апарып сынама алған кезде оның емдік қасиеті жоғары екені деген мәліметтер бар.