Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур

Ғұмар Қараш кесенесі

Белгілі ақын, ойшыл-ағартушы, Алаш қайраткері Ғұмар Қараш – заманының озық ойлы өкілдерінің бірі. Төңкеріске дейін-ақ «Шайыр...» және «Көксілдер» жинағын, «Ойға келген пікірлерім», «Бала тұлпар» (Уфа, 1911), «Қарлығаш» (Қазан, 1911), «Тумыш» (Уфа, 1911), «Аға тұлпар» (Орынбор, 1914) кітаптарын шығарған, 1911 жылы қазақтың тұңғыш басылымдарының бірі «Қазақстан» газетін шығарысқан, 1919 жылы тұңғыш педагогикалық «Мұғалім» журналын шығарған қайраткер. 1917 жылы Алаш қозғалысына белсене араласып, бірінші және екінші жалпықазақ съезіне қатысқан, қази сайланған. Ғұмар Қарашты 1921 жылы 12 сәуірде Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы, Жақсыбай ауылдық округі жеріндегі Құнаншапқан деген жерде жаулары қылыштап өлтірген.