Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур
3D моделі

Ешкі тауы

Ешкі тауы Батыс Қазақстан облысы, Тасқала ауданында орналасқан. Тау биіктігі – теңіз деңгейінен 254 метр. Жалпы аумағы – 175 гектар. Тау шыңында ескерткіш тақта орнатылған, онда мынадай жүрекке жылы сөздер жазылған: «Біз, «Болашаққа ұлы жол» атты екінші облыстық туристік слет делегаттары, жалынды 2018 жылдың жастарына үндеу қалдырамыз. Ата-бабаларымыз жас ұрпаққа өсиет еткендей, негізгі бағыттан таймауға (қандай бағыт екені нақты көрсетілмеген – ред.), аттарды қамшылап, қанаттарды түсірмей, шексіз алаш даласынан қазақтың ұлы мұратына жетуге ұмтылуға шақырамыз. Тасқала ауданының 75 жылдығына арналған. Ескерткіш Батыс Қазақстан облысының жастар ұйымдары тарапынан орнатылды.»