«Қыз әулие» сарқырамасы
Сарқырама бөгені «Қыз әулие» бұлағынан қоректенеді Орал маңы үстіртінен бастау алатын Бұлдырты өзенінің бастауында салынған бөген. Бұл бөгенді ХХ ғасырдың басында үйір-үйір жылқысын суару үшін Нармағамбет болыс Бұлдырты өзенін бөгеу арқылы салдырған.Суы мөп-мөлдір, тап-таза, тұп-тұщы, киелі суқыста қатпайтыны, жазда салқын болса да түскен адамның жаны сергітіп, ерекше күйге енетіні таңқалдырды. Сырым ауданындағы өзен, шаруашылық орталығынан 25 км қашықтағы бұлақ суы.Бастауын Қарғалы жерінен алып, Қарғалыаяқ жерінде құмға сіңіп жоғалады да, 15 км жерден кейін қайта шығады.Бұлақ суын Нармағанбет болыс тау тастарымен бөгеген.Кейіннен ол шарадан асып,содан су сарқырап ағуда.Сарқырама деп аталуы да осыдан шыққан.Қыста суы қатпайды.Бұлдырты өзеніне құяды.Суында шортан,алабұға,ақ балық тіршілік етеді. Қаз,үйрек,аққу,көкқұтан,тырна мекендейді.Суы тұщы,дертке шипалы.
Сарқырама суының шипалық қасиетін білетін жергілікті жұрт оның суын тамаққа да, емге шипа ретінде қолданады екен.