Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур

«Ақжайық» санаториясы

Ақжайық санатррийі 1984 жылы «Уральский» демалыс базасында қүрылған. Ол Жайық өзенінің әдемі де жайлы жағасында облыс орталығынан 43 шақырым жерде орналасқан. Қалаға автобуспен байланысады. Санаторий 300 адамға есептелген, жыл бойы жүмыс жасайды. Емделушілер 2 адамға арналған белмелерде, жақсы жабдықталған корпуста орналастырылады. Санаторийдің негізгі табиғи емдеу факторы ішкі және сыртқы қолдану үшін хлоридті магний-натрийлі минералды су болып табылады. Санаторийде минералды су жіберетін ванналар мен емдеу душтары бар су емханасы, сонымен бірге, жақсы жабдықталған емдеу-диагностикалық кабинеттері мен зертханалары орналасқан. Бальнетерапияда электр сәулесімен емдеу, емдік дене шынықтыруы, массаж, климаттық емдеулер қолданылады. Клуб, кітапхана, би залы, бильярд, спорт алаңдары бар. Орал өзені жағасында жаз мезгілінде емдеу жағажайы жүмыс жасайды. Керсеткіштер: қан айналымы ағзаларының ауруы. Емдеу мерзімі 24 күн.