М.Шолохов мемориалдық музейі
М.Шолоховтың өмірі мен қызметі Орал қаласымен тығыз байланысты.1942 жылдың 27 шілдесінен бастап 1943 жылдың қараша айының соңына дейін жазушының отбасы Дариян ауылына қоныс аударған. Өмірінің соңғы жылдары ол жиі Ақ Жайық өңіріне келіп, демалып тұрған.
Музей 1979 жылы 24 қыркүйекте М.Шолоховтың көзі тірісінде ашылды, оның досы жазушы Н.Ф. Корсуновтың бастамасымен ашылды. 1987 жылы музей Батыс Қазақстан облысының тарихи-өлкетану музейіне филиал ретінде қосылды.
2001 жылдың сәуір айында музейге екі қабатты ғимарат қосылып, сол жылы музейде экспозиция қайта жасақталды. Жаңа экспозицияда сурет галереясы, табиғат, археология, этнография залы, ҚР Тәуелсіздік залы және "М.Шолохов - Батыс Қазақстанда" атты экспозициялық залдармен толықтырылды. 2007 жылдан бастап өз алдына дербес музей ретінде бөлініп шықты.
Музейдің мемориалдық бөлімі М.Шолоховтың Ұлы Отан Соғысы жылдары жанұясымен тұрған жазушының үйі. Экспозициядан оның тұтынған жеке заттарын көруге болады, соның ішінде: аңшы мылтығы, етік, жамылғы, қармақ, шатыр және т.б.
Сонымен қатар, сурет галереясында Қазақстан мен Ресей суретшілерінің 50 - ден астам туындылары көрсетілген.