Ақпарат
Фотогалерея
Бейнеролик
Виртуалды тур
3D моделі

Батыр Науша Қаржауұлы кесенесі

Орналасқан жері: Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округі. Зерттелуі: 2002 жылы «Арыс» баспасында жарық көрген «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясында байбақты руының белгілі батыры Науша Қаржауұлы туралы біраз деректер келтірілген. ХІХ ғасырдың алғашқы жартысыда Жәңгір ханның озбырлығына қарсы бүкіл Бөкей ордасын шарпыған толқуда қол бастаған Наушаның есімі архив құжаттарында да көп кездеседі. «Бес ғасыр жырлайды» атты 2002 жылы «Арыс» баспасынан жарық көрген «Батыс Қазақстан облысы» энциклопедиясында біраз дерек келтірілген. Тарих ғылымдарының кандидаты Жәнібек Аллаярұлы секілді БҚО өлкетанушылары зерттеген. Қысқаша анықтама: Ақжайық ауданы Есенсай ауылдық округіне қарасты Тайлан қорымында жатыр. Науша батыр (1788-1869 ж.ж.) – ХІХ ғасырдың І-жартысында өмір сүрген батыр. Шора Наушаұлы да осы қорымда жатыр. Тегі-Байбақты руынан. Ол інісі Наурызәлімен бірге руластарын басқарып, 1827 жылы көктемде Бөкей ордасын шарпыған толқуға қатысады. Науша батырдың ата-тегі Кіші жүздегі 12 ата Байұлының Байбақты руынан, оның Әлтеке тайпасынан.