«Мечта» кемпингі
«Мечта» кемпингі Орал қаласынан 20 км. шығысқа, Орал-Дарьинск жолы бойымен, Тёплое көлі мен Жайық өзенінің жағасында ғажайып бұрышында орналасқан. Жылдың кез-келген уақытында Орал қаласынан базаға дейін жету үшін сізге небәрі 20-25 минут уақыт қажет.
«Мечта» экологиялық таза аймақта орналасқан. Көл мен Жайық өзені айналасындағы ормандарда түлкі, қоян, елік, қабан сияқты жабайы аңдарды кездестіруге болады. Көлде тырналар, құтандар, шағалалар және басқа да сирек кездесетін құстар ұялайды. Тёплое көлінде әртүрлі көптеген балықтар бар: сазан, жайын, шортан, мөңке балық, алабұға, сарга, красноперка бар. Мұнда сіз балық аулап қуана аласыз. Көлде өсетін кувшинкалар оның тазалығының бір көрсеткіші.
Көл жағасында дебаркадер орналасқан. Ол 50-шы жылдары салынып және Орал қаласының айлағында болды. Бұл екі қабат «жүзейтін үй» ретро стилінде, бірінші қабатында бар мен жатын бөлмелер-каюталар мен бар.
Екінші қабатында керемет асханасы бар мейрамхана бар. Мейрамхананың ретро-стилі ұқыпты сақталған. Жүзейтін үй әсіресе түнде әдемі. Дебаркадерге жақын жерде жақсы жабдықталған 9 метрлік су түсу орны бар. Мұнда киім ауыстыру кабиналары, артезиандық душ бар. Жағалауда шағын қайық станциясы бар. Сіз көл мен өзеннің әдемі бұрыштарын қайықпен, катамаранда және «Мечта» катерімен қарай аласыз.
Суға түсуді жақсы көретіндер біздің катер алып баратын, Жайық өзенінің қарсы жағалауындағы керемет құм жағажайды бағалай алады. Ең кішкентай қонақтарымыз үшін ашық аспан астында бассейн бар.
Кемпинг аумағында әртүрлі снарядтары жақсы жабдықталған спорттық қалашық бар.
Мұнда әрқашан баскетбол, футбол, волейбол ойнауға болады, және армрестлингте күшіңізді сынауға болады. Ескі орыс ойындарын жақсы көретіндер городки ойынын ойнай алады. Мұнда сонымен қатар велосипед тебе аласыз, пневматикалық винтовкадан және садақтан ата аласыз, сонымен қатар дөңгелекті коньки тебе аласыз.
«Мечта» кемпингінде болған кезде Сіз өз қауіпсіздігіңізге сенімді бола аласыз.